Кітапхана

Кітапханашы есебі- 2021-2022 о.ж. 1 жартыжылдығы

Табиғатты аялайық

Табиғат туралы не білеміз?

Кітапханашының I тоқсандық есебі 2020-2021 оқу жылы

Кітапханада бірқатар жұмыстар атқарылды. 2020-2021 оқу жылына жаңартылған бағдарламамен 8-11 сыныпқа Қазақстан тарихы оқулықтар түсті, оқулықтар бәрі тіркелді, инвентар номерлары қойылды. Олардың барлығы инвентар кітабына енгізілді. 311 дана көркем әдебиет мектепке келді, әдістемелік кітапшалар шағын орталыққа және дайындық сыныпқа келді. 1-4 сыныптарға дәптер берілді. Ауданға есеп уақытында берілді.

Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұлама, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы, «Ұлы дала есімдері» Абайға арналған тақырыптық сөре ұйымдастырылды. «Тілім менің қазынам» тіл фестиваліне орай виртуалды көрме өтті, фейсбукке жарияланды. «Мен және менің жанұям» суреттер сайысы «Ақбота» шағын орталығында өтті.

Виртуалды көрме арқылы «Кітап-білім бұлағы» оқушылар жаңа көркем әдебиетпен таныстырылды. Бастауыш сыныптарда оқу жылдамдығы тексеріледі.

Кітап сақтандыру рейд жүргізіліп анықтама жазылды. Оқулықтар тыстауға қарапайым түрде видеоролик көрсетілді.

Абайдың 175 жылдығына видеоролик дайындалды, фейсбук парақшасына жарияланды. Оқушыларға «100 жаңа кітап» және «Бізге жаңа кітап келді» кітап көрмелері ұйымдастырылды. Балалар үзіліс уақытында кітаптарды алып оқиды. Қазақ ақыны «Ж. Молдағалиевтің туғанына 100 жыл» видеоролик дайындалды. Ақынның өмірбаянымен және шығармалары туралы айтылып өтті. Ұлттық теңге күніне орай «Төл теңге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шағын орталық тәрбиеленушілері экскурсияға келді. «Шалқан» ертегісі сахналанды және де кейіннен тәрбиеленушілер өздері бейнелеп берді.

Кітапханашы: К.Баяганова

Мектеп кітапханасы мен ұзартылған күн топтары туралы мәлімет

Атауы

Жол коды

Саны

Кітаптар (мектеп оқулықтарын қоса), кітапшалар мен журналдар саны (дана)

1

5784

оның ішінде мектеп оқулықтары (дана)

2

2051

олардан жаңа буын оқулықтары

3

2051

Оқырмандар саны, (адам)

4

73

Кітапханаға келу саны, (адам)

5

1314

Берілген кітаптар саны

6

2628

Ұзартылған күн топтарының саны

7

-

Ұзартылған күн топтарындағы оқушылар саны, адам

8

-

Май орта мектебі Кітапханашының жылдық есебі 2019-2020 оқу жылы

Май орта мектебі кітапханашысының I жартыжылдық бойынша есебі 2016-2017 оқу жылы