Мектеп тарихы

Мектеп тарихы және Директорлар

Май орта мектебі 1971 жылы 325 орындық жобалық қуатпен ашылды

Мектеп тарихындағы алғашқы қоңырау берілген  сәті  1971-1972 оқу жылы..

Ең алғашқы мектеп ұжымы

І түлектер (1971-1972 жж)

1 қатарда сол жақтан оң жаққа қарай: Босс, Брайковский

2 қатарда сол жақтан оң жаққа қарай: Алиева Орынбасар, Журавлев Александр, Гриненко, Каркенов Аман, Шарипбаев, Чернилевский Николай, Каркенов Роза

3 қатарда сол жақтан оң жаққа қарай: Кижайкина , Асмус, физика мұғалімі Ким Серафима Ивановна, мектеп директоры Шәріпбаев Шәймерден Шәріпбайұлы, Судиловский Валентин Иосифович, тарих пәнінің мұғалімі Мейірманов Жұмажан Ғабдоллаұлы, Турсунова Батжан, Мироненко Марина

 

Май орта мектебі тарих беттерінен....

   Май орта мектебі- 1971 жылы 365 орындық жалпы білім беретін мектеп жобалық қуатпен ашылды. Мектеп-жас ұрпаққа білім,тәрбие беретін мекеме;  білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны-сабақ оқыту, оны мұғалім атқарады. 

Жалпы білім беретін мектеп-әрқайсысы дербес қызмет жасай алатын үш басқыштан: бастауыш,негізгі және жоғарғы басқыштардан тұратын білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын, орта жалпы бідім беретін оқу орны.

1971 жылдан бері аталаған мектепте бірнеше басшы,білікті ұстаздар және білімді оқушылар шыққан білім ордасы. Күндер сырғып, жылдар жылжып өтіп жатқанмен, білім нәрімен сусындатып,жанымызды қайырымдылыққа тәрбиелейтін,өмірлік азыө жинап-қуат алатын, болашаққа сеніммен қарауға үйретіп, қиын да қарбаласы мол дүниенің барлық қыр-сырын үйрететін қымбатты да,мүйікті Алтын ұя мектебіміз- әрбір азаматтың жадынан еш уақытта өшпейді...

Қанша жылдар өтсе де, балалық-балғын кезіміз бен жастық шағымыздың қайталанбас күндері өткен мектебіміз, түлектер үшін үшін аса қымбатты.

Биыл, 2021 жылы мектебімізге 50 жыл толады. Тарих үшін бұл- бір сәт ғана, ал көптеген мектеп түлектерге, ұстаздар мен оқушыларға- естен кетпес өмір. Өйткені, мектеп тек қана білімнің баға жетпес қайнар көзін ашып қана қоймайды,ол-әрбір адамның жеке тұлға,  елінің патриоты болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді........