І тоқсан

Сабақ тақырыбы

Туған елге сағыныш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1 Оқу түрлерін қолдану

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

4.1.5.1 Өз ойын, сезімін, Көзқарасын өмірде болған өзге шығармадағы ұқсас оқиғалар мен салыстыра отырып білдіру

4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, таныстырылым түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Оқушылар тақырыпқа сәйкес шығарма түрлерімен танысады. Шығарма мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу мүмкіндігін қарастырады. Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет) анықтауды жалғастырады Материалды өңдеу және тұжырым жасау мен себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсете алу әрекеттері жүйеленеді. Шығарманың құрылымын, әр түрлі стильде жазылған жұмыстарды жетілдіреді, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қатені табу және түзетудің жолдары қарастырылады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Оқушыларды түрлі жанрдағы шығармалармен таныстыру арқылы Ұлы дала тарихы, Отаны туралы шежіре сырлары, Туған жердің табиғаты туралы ойларын ортаға салады. Бөлімде Отанға деген құрмет, сүйіспеншілік, қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру мақсаты қарастырылады.

Жетістік критерийлері

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады.

АКТ қолдану дағдылары

БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;
Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім

Қазақ халқының тарихынан хабардар

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

«Әсерлерімізбен бөлісейік» жылулық шеңбері

Педагог балаларға 1-2 минут көздерін жұмып, өздерін тағы да табиғат аясында, көк майса шалғында жатып, көк аспан, аппақ бұлттарды көріп, құстардың сайраған әнін, судың сыбдырын естіген кездерін елестетуді ұсынады.

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
  • Уақытты үнемдейміз!
  • Нақты, дәл жауап береміз!
  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы талдау

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

«Әңгімеле» айдары «Сөздермен әңгіме құрастыру» әдісі арқылы жүзеге асады.

  • Ең алғаш рет кімді, нені сағындың?
  • Өзіңнің басыңнан өткен сағынышты сәттерді есіңе түсір-дей отырып, оқушыларға өз жауаптарын айту ұсынылады. Айтылған сөздер тақтаға жазылады. Шағын топтар бірлесе отырып, осы сөздерді Сағыныш сөзімен қатыстырып, белгіленген уақыт ішінде сөйлемдер құрастырып айтады. Топтағы ең үздік сөйлемдер тақтаға жазылады. Отанды сүю, жақсы көру, құрметтеу, сағыну, мақтан ету туралы айта келіп, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлауға болады.

Дескрипторы:

  1. Сезімді білдіретін сөздерді атайды.
  2. Сол сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады.

ҚБ: «Ду қол шапалақ» әдісі

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану кезеңі

«Қойын дәптер» әдісі бойынша Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.

Аты-жөні

 

Туған жылы

 

Шығармалары

 

Ақпарат

 

Жаңалық

 

«Түсініп оқы» айдары бойынша «Дала сұңқары қиырға қарайды» мәтінін түсініп, кейіпкерлерін анықтап, Шоқанның өз даласына сағынышын қалай білдіргенін тауып оқу ұсынылады.

Оқушылар оқып болған соң сұрақ жауаптарын топта талдайды.

Дескрипторы:

  1. Кейіпкердің сезімін бейнелейтін үзіндіні табады.
  2. Кейіпкер сезімін өз сезімдерімен салыстырады.

ҚБ: «Басбармақ» әдісі

«Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету.

Омбы — қазіргі Ресейдің қаласы

Есіл-дерті — барлық ойы, көңілі

2. Оқушылар «Мәтіннің басты кейіпкері кім?» деген сұраққа жауап береді.

«Есіңе түсір» айдары бойынша әдеби шығармадағы, ертегілердегі кейіпкерлерді еске түсіреді.

Дескрипторы:

Әдеби шығарма кейіпкерлері мен ертегі, мысалдардың кейіпкерлерінің ерекшеліктерін айтады.

«Жоба жаса» айдары бойынша сағыныш сезіміне толы мысал әңгіменің жобасын құрастырады. Оқулықтағы суреттердің қайсысы сәйкес келетіндігін анықтайды.

Дескрипторы:

  1. Суреттерден таңдау жасайды.
  2. Өз таңдауын түсіндіреді.
  3. Әңгіме жобасын құрастырады.

Дәптермен жұмыс. Дәптермен жұмыс мұғалімнің өз қалауы бойынша уақыттың қалуына байланысты орындалады.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс

«Тыңда» айдары.

Қ. Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін аудиодискіден тыңдайды.

Өлеңнің сөзінен не түсінгендерін айтады. Ақынның қай сөзінен сағыныш сезімін байқағанын айтады. Мұндай жұмыс түрлері оқушыларды тыңдалымды мұқият түсініп тыңдауға дағдыландырады.

«Алыс кетсем, мен сені аңсап жүрем,
Сағыныштың сазымен ән сап жүрем, туған жер»...
Өлеңді жалғастырып жаз.

Дескрипторы: Өлең жолдарын жалғастырып жазады.

ҚБ: «Оң көрші» әдісі бойынша бірін-бірі дескриптор негізінде бағалайды.

Үй жұмысы: мәтіндегі кейіпкерлерді сипаттап жаз.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс парағы. «Бағдаршам» әдісі бойынша.

Түрлі түсті суреттері бар журналдар, флипчарт, желім
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.

 

4 сынып 4 сынып 4 сынып 4 сынып 4 сынып 4 сынып 4 сынып 4 сынып

Сабақ тақырыбы

Ақыл-жастан

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.6.1 Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау
4.1.5.1 Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

• Оқушылар тақырыпқа сәйкес шығарма түрлерімен танысады. Шығарма мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу мүмкіндігін қарастырады. Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет) анықтауды жалғастырады Материалды өңдеу және тұжырым жасау мен себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсете алу әрекеттері жүйеленеді. Шығарманың құрылымын, әр түрлі стильде жазылған жұмыстарды жетілдіреді, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қатені табу және түзетудің жолдары қарастырылады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Оқушыларды түрлі жанрдағы шығармалармен таныстыру арқылы Ұлы дала тарихы, Отаны туралы шежіре сырлары, Туған жердің табиғаты туралы ойларын ортаға салады. Бөлімде Отанға деген құрмет, сүйіспеншілік, қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру мақсаты қарастырылады.

Жетістік критерийлері

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.
  • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.
  • Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады.

АКТ қолдану дағдылары

БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;
Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім

Асан мен Қасеннің адами құндылықтарын айта алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

  • Сәлеметсіздер ме?
  • Көңіл-күйіміз қалай?
  • Сабағымыз сәтті өтсін!

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
  • Уақытты үнемдейміз!
  • Нақты,дәл жауап береміз!
  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Үй жұмысын тексеру. Жоспар құру. Мазмұндау

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Оқушылар, біз қандай бөліммен танысып жатырмыз?

  • Құндылықтар.
  • Құндылықтарға нелер жатады?
  • Отбасы, білім, денсаулық, уақыт т.б.
  • Абай Құнанбайұлы кім? Қай жылдары өмір сүрді?
  • Ол қай жерде дүниеге келді?
  • Абай Құнанбайұлының қандай өлеңдері және қанша қара сөздері бар?
  • Абайдың қанша қара сөзі бар?
  • Биыл Абайдың туғанына қанша жыл?

Оқу мақсатын таныстыру (тақтадан)

Сабақтың мақсатын айқындау
Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалап, тыңдалған мәтін бойынша пікір білдіре алады. Ертегі кейіпкерлерінің адами жақсы қасиеттерін сипаттай алады. Ертегі мазмұнының желісі бойынша өзінің қорытынды ойын білдіре алады.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану.

«Тыңда» айдары:

1. «Ғажайып бақ» ертегісі тыңдалып, ертегіні оқыған балалардың пікірі тыңдалады. Саханалау әдісі (көңіл күймен айту)

Оқы

2. «Ғажайып бақ» ертегісінің жалғасын түсініп оқу.

Дескриптор: Мәтінді түсініп оқиды.

ҚБ: Бірін-бірі бағалау

Жаңа терминдермен жұмыс.

Сөздікпен жұмыс

Байлам — шешім

Қабақтарында кірбің бар — реніші, уайымы бар

Жұпыны – жүдеу, ескі

Жүгіну – даудың немесе мәселенің шешіміне ақыл сұрау

«Микрофон» әдісі бойынша оқушылар тар бір-біріне сұрақ қояды.

1.3. Алғашқы екі шәкірттің сөзін оқып, баға бер.

2.4. Үшінші шәкірт сөзін оқып, оған қандай сұрақ қояр едің?

3.5. Қарияға үш шәкіртінің сөзі неліктен ұнамады?

4. «Пікіріңді айт»

5. — Бесінші шәкірт болсаң сен қандай шешім айтар едің?

«Баяндама» әдісі бойынша мұғалім топқа мақалды оқуды, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көрші тобына береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мақал бойынша шәкірттің сипатына «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады. (Мысалы: «Ақыл – жастан, асыл – тастан»)

«Ізде» айдары

8. Қарияның сөзінен мақалға лайықты сөзді тауып оқиды.

ҚБ: Бірін-бірі бағалау

«Қорытындыла» айдары

Саралау тапсырмасы.

9. Ертедегі жағымсыз кейіпкер бар ма?

10. Ертегіге басқаша қандай тақырып қоюға болады?

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.

Сабақтың соңы

Сыр сандық әдісі

Оқушыларға дәптерлеріне бүгінгі сабақтан есте 10 заттың атын жаздыру. Осы аталған заттардың ішінен ұныған 2 белгілеп, солар туралы толық мәлімет жаздыру.

«Ай» әдісі арқылы рефлексия жүргізу

Үй тапсырмасы: Ертегі кейіпкерлерінің жақсы қасиеттерін сипаттап жазу.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.

 

4 сынып 4 сынып 4 сынып 4 сынып

Сабақ тақырыбы

Адами асыл қасиеттер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.5.1 Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру
4.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып түзету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Өз ойын, сезімін салыстыра алады. Әр өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра алады.
Көптеген оқушылар: Орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзете алады.
Кейбір оқушылар: Өлеңдер ішіндегі сөздерден «Құндылықтар» сөзіне ассоциация құрастыра алады.

Жетістік критерийлері

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.
  • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.
  • Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады.

АКТ қолдану дағдылары

БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;

Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім

Адами құндылықтарды ажырата алады, оларға түсініктеме бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуалды «Қызыл гүлім-ай» арқылы орнату

«Еркін микрофон»

  1. Үш биді ата?
  2. Өткен сабақта қандай әңгімемен таныстық?
  3. Жолаушылар үш бидің қайсысымен кездесті?
  4. Төле би Қоңқа қарттан тәлім алды?
  5. Мәтін неліктен Қазыналы қарттан тәлім деп аталады?

Алдыңғы білімді еске түсіру «Еркін микрофон» әдісі бойынша

Сабақтың ортасы

Блум таксономиясы

Білу

Оқулықтағы 52 беттегі «Не қымбат?» және «Не қиын?» өлең жолдарын оқыту

Мұғалім: Оқушылар осындай сұрақтарға біздің алқалы билеріміздің бірі Қазыбек би өз жауаптарын бізге қазына ретінде қалдырыпты. Қазыбек би туралы естулерің бар ма?

(Оқушы жауаптарын тыңдап, толықтыру)

Қазыбек би Келдібекұлы (1667-1764) — мемлекет басқару ісіне белсене араласқан. Орта жүздің атақты биі. Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. Жоңғарлар қолына түсіп қалған Абылай ханды тұтқыннан босатып алған. Ел ішінде оны Қаздауысты Қазыбек би атап кеткен.

Қайталау әдісін қолдану.

Карточкамен жұмыс

Не қымбат?

Не қиын?

   

Оқулықтағы 53 беттегі «Әйтеке шешен» мәтінді оқыту

Әйтеке бидің «Тентек болса, ұл қиын» сөзін қалай түсінесің

Қазыбек бидің сөздеріндегі қайталанып тұрған сөзге мән бер

   

Әйтеке шешен

Әйтеке би (1667-1700) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі. Қазақ елінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы, кеңесші би болды.

Әйтеке бидің кесенесі Ташкенттен 75 шақырым жердегі

Қауыншы және Шыназ ауылдарының маңында.

Қолдану

Жақсылардың үлгісі –
Жанып тұрған шамдай.
Шешендердің сөзі –
Ағып тұрған балдай.

Белсенді оқу тапсырмалары.
Бағалау парақшасы

Сабақтың соңы

Жинақтау.

Үй тапсырмасы: Өзіңе ұнаған шешендік сөзді жаттап ал.

ҚБ:

Тапсырмалар

0

1

2

Еркін микрофон

     

Оқулықпен жұмыс

     

Не қымбат? және Не қиын?

     

Әйтеке би мен Қазыбек бидің шығармаларын салыстыру

     

Сызбамен жұмыс

     

Өлең жолдарын дұрыс табу

     

Карточкалар
Бағалау парақшасы

 

Тізбектелген сабақтар топтамасынан 4 сыныптың әдебиеттік оқу пәнінен сабақтың қысқа мерзімді жоспары

Күні: 8.10.2020 ж.

 

Сынып: 4-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазына иесі кім?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.8.2 Көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыру

4.2.2.1 Шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Шығарманы басқа үлгідегі нұсқамен салыстыра алады. Шығарманы басқаша құруды үйренеді.

Көптеген оқушылар: Мәтінді болжалды мәтінмен салыстырып, қорытынды шығарады.

Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлықтары

бейнеленген бөлікті мәтіннен тауып, салыстырып бағалайды.

Жетістік критерийлері

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады.

АКТ қолдану дағдылары

БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;

Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім

Ертегі түрлерін ажырата біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Интерпретация

«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша оқулықтағы суретті мұқият зерттей отырып, оны сипаттайды. Олардың идеяларын ынталандыру үшін сұрақтар пайдаланыңыз.

  • Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрастырып, оқиғаның шешімін ойлап табыңдар.
  • Соңғы суретті қалай бейнелеуге болар еді?
  • Әңгіме мазмұнына тақырып қойыңдар.

Сабақтың мақсатын айқындау.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

«Ғажайып бақ» ертегісін түсініп оқу. Рөлге еніп мәтінді сахналайды. Мәтінді оқи отырып, болжау жасауға үйренеді. Шығармаларды салыстыра отырып, талдау жасай алады.

ВЕНН диаграммасы

Суретпен жұмыс

Ұқсастықтары

Ғажаайып бақ

     

Оқушылардан ертегіде баяндалған сәттен кейін не болатынын болжайды

Дескриптор:

Оқушылар болжай алады.

Ертегіні түсініп оқи алады.

ҚБ: болжамдардың ертегі мазмұнына сәйкес келетінін мадақтап,

оқушыларға қайта тыңдату

Сөздік жұмысы

Тентіреп кету – қаңғырып, қайыр сұрап кету

«Түсіндір» айдары

Мұғалімнің көмегімен «ұлтарақтай жер» сөзінің мағынасын түсіндіреді. Жауабын сурет арқылы немесе саусақпен бейнелеп көрсет:

а) көлемді жер;

ә) азғана, өте кіші жер;

б) ұлтараққа ұқсайтын жер.

Сұрақ-жауап

  • «Ғажайып бақ» ертегінің қай түріне жатады?

Оқушылар ертегі түрлерін естеріне түсіреді (тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, жануарлар туралы ертегі). Оқушылар талқылай отырып, тұрмыс-салт ертегісіне жататынын анықтайды, пікірлерін дәлелдейді.

  • Шығармадағы қай кейіпкер саған ұнады? Неліктен?

Карточкамен жұмыс

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Белсенді оқу тапсырмалары.

Сергіту: Мақалдың сыңарын тап.

Мақалдың жалғасын тап

1. Мұғалім: Оқусыз білім жоқ

Оқушылар: Білімсіз күнің жоқ.

2. Мұғалім: Әдепті бала, арлы бала

Оқушылар: Әдепсіз бала, сорлы бала.

3. Мұғалім: Жақсыдан үйрен,

Оқушылар: Жаманнан жирен.

4. Мұғалім: Жаздан өнім жиған-ақылды бала,

Оқушылар: Орақ кезінде ұйықтаған-арсыз бала.

5. Мұғалім: Жаңбыр жауса жер ырысы,

Оқушылар: Батыр туса-ел ырысы.

Оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды.

Сабақтың соңы

«Суретті мультфильм» әдісі бойынша мәтін мазмұнын бөлімдерге бөліп, әр оқушы өзіне берілген бөлім мазмұнын ашатындай 1 сурет салады. Салынған суреттерді ретімен

орналастырып, мультфильм құрастырады. Сынып қабырғасына ілінген суреттер бойынша мәтін мазмұны ретімен баяндалып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

Қорапшадағы сұрақтарға жауап беру

  • Асан мен Қасеннің қандай қасиеттері ұнады? Неліктен?
  • Қасеннің орнында болсаң, сен не істер едің?

Дескриптор:

4. – Мәтін мазмұнына сәйкес 1 сурет салады:

5. – Салған суреттерден мультфильм бөлігін құрастырады.

ҚБ: «Басбармақ» әдісі

Үйге тапсырма: Ертегі мазмұны бойынша жоспар құрастырып

жазу.Рефлексия

Қалыптастырушы бағалау

________________________________

Тапсырмалар

0

1

2

Өлең жолдарын оқу

     

Суреттер сөйлейді

     

ВЕНН диаграммасы

     

Сұрақжауап

     

Карточкамен жұмыс

     

Мақалдың жалғасын тап

     

Қорапшадағы сұрақтарға жауап беру

     

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Түрлі түсті суреттері бар журналдар, флипчарт, желім

 

4-сынып 4-сынып 4-сынып 4-сынып 4-сынып