Май орта мектебінде Қ.Р. білім беру ұйымдарында «Мектеп парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының президенті және де фракция жетекшілерінің сайлауы өтті
Май орта мектебі бойынша білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымы/ Мектеп парламенті тұжырымдамасына сай ДТІЖО Кусаинов Д.А. 5-10 сынып оқушыларына дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға Парламенттің мақсаты,міндеттері, құрылымы жайлы ақпарат берілі. Оқушылар өзін-өзі басқару жайлы өз ойларын ортаға салды, Нәтижесінде үміркерлер анықталып, үгіттеу жұмыстары бойынша сұрақтар талқыланды.
Қ.Р. білім беру ұйымдарында «Мектеп парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының президенті және де фракция жетекшілерінің сайлауы 23 сәуір күні өтті. Сайлауға мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысып, дауыс берді. Өзін-өзі ұсынған үміркерлер алдын-ала бағдарлама дайындап әлеуметтік желілер арқылы үгіттеу жұмыстарын жүргізді.
Сайлау нәтижесі:
«Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының президенті болып 9 сынып оқушысы: Кеңес Айдана сайланды;
Құқық және тәртіп фракциясының жетекшісі: 8 сынып оқушысы Мұрат Ұлан;
Ақпарат фракциясының жетекшісі: 7 сынып оқушысы Сәлім Аймира;
Спорт және СӨС фракциясы жетекшісі: 7 сынып оқушысы Сағындық Мадияр;
Өзін-өзі тану фракциясының жетекшісі: 8 сынып оқушысы Әдңл Алма;
Қамқорлық фракциясының жетекшісі: 9 сынып оқушысы Мухаметқалым Саят;
Мәдениет және өнер фракциясының жетекшісі: 9 сынып оқушысы Жадрина Алсу;
Дебат қозғалысы фракциясының жетекшісі: 9 сынып оқушысы Сәрсенбай Мейрамбек;
Экология және еңбек фракциясының жетекшісі: 8 сынып оқушысы Қабиден Нұрболат сайланды.
Сайлау нәтижесін шыққаннан соң мектеп парламенті мүшелерімен
1-ші отырыс өткізілді. Жылдық жоспар құрылып, алдағы жұмыс бағыты айқындалып, әр фракция мүшесіне нақты тапсырмалар берілді.
