Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Солардың бірі Ақжар ауданының Ұялы ауылының тумасы, Талшық мектеп интернатының түлегі Май орта мектебі оқушыларына футбол спорттық киімін сиға тартты. Бұл азамат өзі спорт саласында үлкен жетістіктерге жеткендіктен,қайырымдылық шарасын құпия сақтауды өтінді. Мен өз тарапымнан және мектеп ұжымы атынан алғыс айтқым келеді... Осындай азаматтар арқасында біздің болашағымыз айқын!
#бірлігімізбенмықтымыз